Шағын разъезд

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 479
Шағын ғана разъезд.
Түн iшi.
Неге ғана тарылады тынысым,
неге ғана кетiп жатыр тынышым.
Шағын ғана разъезд.
Түн iшi.
Өз-өзiммен түскендей-ақ сайысқа,
таба алатын емеспiн мен байыз да.
Қара жердi солқылдата тепкiлеп
келiп жатыр,
кетiп жатыр поездар.
Құлағыма әрбiр үнi жетiп тұр
Қалайыншы дегендей-ақ кетiп бiр,
қозғалады ауыр-ауыр күрсiнiп
жүк поезы салдыр-гүлдiр етiп бiр.
Дүрсiлдетiп қара түннiң түнегiн,
бiрi кетсе,
бiрi тағы кiредi,—
түу тереңде соғып тұрған секiлдi
қара жердiң жүрегi!
Соғады ол қанша көз жас iштiм деп,
қанша қайғы,
қасiретке түстiм деп!
Мен жатырмын дүрсiлдеген алқынып
қара жердiң жүрегiнiң үстiнде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шағын разъезд өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шағын разъезд өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шағын разъезд өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шағын разъезд өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері