Өлең, жыр, ақындар

Ұлттық ойындар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1485
...Семсер боп намыс — табанда, –
жүректi кетер тiлiп бiр —
айқасып аттың үстiнде
бiреуi бiрiн ала алмай
ұстасып екi жiгiт тұр.
Құшақтар қалған қарысып,
мың жанып үмiт, мың сөнiп...
Сiңедi жерге шашадан
аттардың белi қайысып
дiрiлдеп тiзе, тiрсегi.
Бiреуi кенет ақырып
сыртына теуiп айбаты,
жұлып ап аттың үстiнен
кетер-ау сонсоң ақыры,
бiреуiн құмға аунатып.
...Сыңғырлап шолпы, күлкiсi
атына қонар қалқа да.
Желбiреп желмен үкiсi
басталар сонсоң қыз қуу
құйғытып шыққан ортаға.
«Кетiп ең жанды жаралап
сыбағаңды ендi алшы деп»,
өжет қыз жүндей сабалап
жiгiттiң тiлер арқасын
қорғасын өзек қамшымен...
...Жаршы кеп жұртты құбыл қып
дабырды соғып-қаққанда,
даланы мынау дүбiр ғып
басталып кетер сол кезде
додалы нөпiр көкпар да.
Жалыны шарпыр бетiңдi
долданып, бұрқап шарпысқан, —
Үзiлiп кетер секiлдi
жұлыны алып даланың
аламан сол бiр тартыстан.
...Тiрлiктi мына түсiн деп,
отына салар тозақтың —
жатпайтын аяп, мүсiркеп
өмiрдей ащы, қатал-ау
ойыны да қазақтың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тегiстелiп аңғарлар да, жолдар да

  • 0
  • 0

Тегiстелiп аңғарлар да, жолдар да
аппақ қарлар түскен кезде жондарға,
аппақ қардан аппақ шәлi жамылған
дайындалам бару үшiн орманға.

Толық

Бүгінгі психология

  • 0
  • 0

Олай деймін,
Бұлай деймін, –
Өзімді кіл алдаймын.
Апыр-ай! –

Толық

Әрі түсінікті, әрі түсініксіз көрініс

  • 0
  • 0

Әне бір жан
Қапаға батып,
Биік құздың
Басына шығып

Толық

Қарап көріңіз