Көктемгі арнау – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Көктемгі арнау» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1213
(ұйқассыз өлең)

Сен жүрсiн деп
жапырақтардың арасынан төгiлген
жинап алып айдың аппақ жарығын
көк шалғынға соқпақ етiп төседiм;
тыңдасын деп өзiңдi
осы көктемде шығарған
жазып алдым тырналардың жаңа әнiн;
шомылсын деп өзiңдi
кемелермен толқындарын тегiстеп
сүртiп алдым ақ бұлтпен көл бетiн;
сенi тыңдап жатсын деп
iлiп қойдым терезеңнiң алдына
жаңбырларын көктемнiң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері