Дүниеге өлең келер кезiнде

Бұл бетте «Дүниеге өлең келер кезiнде» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 489
Дүниеге өлең келер кезiнде
құбылыстар шарпысады сезiмде;
дүниеге өлең келер кезiнде
шық тұрады алау күннiң көзiнде;
гүлге тұнып шөл даланың өңiрi
сазға айналар тiршiлiктiң әр үнi;
аспанымнан жерге түсiп тәңiрi,
дертiп тұрар бұлттардың желiнi;
опасыздық отқа бетi шарпылып,
кетер арсыз келмес жаққа артынып:
шағалалар дауылсыз-ақ шарқ ұрып,
жас нәресте Күнге ұмтылар талпынып.
Есiтiлiп жер астының сарыны
кетедi ғой дүниенiң сабыры;
қуаттанып шөптiң әлсiз тамыры,
сарқырап бiр ағар өмiр ағыны.
Дүниеге өлең келер кезiнде
құбылыстар шарпысады сезiмде.
Дүниеге өлең келер кезiнде
жасын ойнар қасiреттiң көзiнде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниеге өлең келер кезiнде өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Дүниеге өлең келер кезiнде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүниеге өлең келер кезiнде өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дүниеге өлең келер кезiнде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері