Өлең, жыр, ақындар

Мұқағали қайтқанда

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 785
Келдi бүгiн ажал-сұмның кезегi.
Өрт боп жанды өлең, жырдың өзегi.
Ақпай қалды, ағып жатқан бұрқырап,
Жетiсудың тағы да бiр өзенi.
Қала алмассың мұндай күнi опынбай,
әр жүректе «қайран Мұха», «опырмай!»
Ақындардың жыр оқитын кешiнде
бiр керемет өлең қалды оқылмай.
Тағы мұны қала алмассың түсiнбей,
жүрек жылап, боран соқса iшiңде.
сырахана столының үстiнде.
бiр саптыаяқ сыра қалды iшiлмей.
Жаңа үнменен қарсы алатын әр таңды,
жек көретiн өсек пенен жалтаңды.
ақыным жоқ бүгiн ендi ортаңда
жалақысыз еркiн кешкен жалғанды.
Галстуксiз айқара ашық омырау.
Туы-Алатау,
көкiрегi – Атырау.
Болған емес онда өтiрiк көлгiрсу,
болған емес онда қайту, тоқырау.
Елемейтiн,
ескермейтiн ептiнi
тастайтұғын бетiнен ап беттiнiң.
Өлең етiп ызғарлы түн, от күнiн
жол қозғалыс ережесiн елемей
көшелердi кешiп келе жататын
Мұқағали Мақатаев жоқ бүгiн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен сені сағындым

  • 0
  • 0

Жұмекен аға,
Мен сені сағындым.
Өзің кеткелі
Сан рет өштім.

Толық

Жалқаулық

  • 0
  • 0

Тас дәуiрiнен ұйықтап жатыр Жалқаулық.
Әр нәрсенi сылтау етiп, қалқан ғып,
қорылымен дүниенi көшiрiп
тас дәуiрiнен ұйықтап жатыр Жалқаулық.

Толық

Бейбарыс қайтып оралғанда

  • 0
  • 0

Ақша бұлттай
Ақ тастан шапан киген
Алып Бейбарыс
Өткен замандар iшiнен

Толық

Қарап көріңіз