Қатерлі сөз – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қатерлі сөз» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 555
Батырам деп түнекке
қанталаған қабарып,
жылдар бойы жүректе
жатты бiр сөз қадалып.
Сорғалап бiр сор көзден
талаурады, талды үнiм,
дiр-дiр еттi сол сөзден
өмiрiм мен тағдырым.
Сол жауыз-сөз қабарып,
құртамын деп барыңды
жүрегiме қадалып
сорып жатты қанымды.
Құтқарам деп тiлек пен
арман, қызық күлкiнi –
сол сөздi мен
жүректен
жұлып алдым бiр күнi.
Жаным мұңға батты ғой
сөндiм қайта бiр көктеп, –
қаным тамып жатты ғой
сол бiр сөзден дiрдектеп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері