Жағымпаз

Бұл бетте «Жағымпаз» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 742
Жоқ кiсiлiк, iрiлiк,
майлап алған жанарын.
Иiледi, бүгiлiп –
Омыртқасы жоқ оның.
Бiрде толқып мұнардай,
бiрде су боп сорғалап,
бара жатыр жыландай
бауырымен жорғалап.
«Тоңмойынды» күлкi етiп,
күш көрсетiп халқына,
дөкейлердiң жылп етiп
кiрiп кетер артына.
Ебiн тауып кiредi,
қорықпайды тарлықтан, –
оның сасып үнемi
жүретiнi сондықтан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағымпаз өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жағымпаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағымпаз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жағымпаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері