Көктайғақ – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Көктайғақ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 739
Көшеңiз де, аулаңыз да көк қайрақ.
Көк қайрағың – жып-жылтыр мұз көктайғақ.
Тiршiлiктi тәй-тәй ғана бастырып
көктайғағың жұртпен осы кеттi «ойнап».
Жатқаннан соң көкпеңбек боп бар жақ та
Түскен-сынды бұл дүние сан-саққа...
Қауiппенен басасың ғой аяқты
жүргендей бiр мина көмген алқапта...
Өзiңдi өзiң әрең ұстап ылдалап,
амалсыздан мың тоқтайсың, мың қарап.
...Алатаудан тайып кетсең
заулап бiр
Жетердейсiң Сарыарқаға сырғанап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері