Өлең, жыр, ақындар

Бауырдағы тас

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1033
Шүкiр, аман жер шебi, –
Аман бақ та, бауым да...
Бiрақ басып еңсенi
Тас жатыр ғой бауырда!
Дүниемен арбасқан
Сөйлесек те жалындап, –
Бауырдағы сол тастан
Жүрмiз қазiр ауырлап.
Жүк түсiрiп тiлекке
Айналған бiр жараға, –
Жатыр тастар жүректе,
Жатыр тастар санада!
Құрдымдарға батамын
Тас төбемнен ұрғандай...
...Армандар да ап-ауыр
Тас көтерiп тұрғандай.
Жетсiн еп пен себiмiз
Жата алмаймыз шалқалап...
Жүргендеймiз көбiмiз
Қара жартас арқалап.
Қар-жаңбыры аралас
Бұл өмiрге телiндiм.
Түсер ме екен қара тас
Иығынан елiмнiң.
Ойлап – ағып жасым да! –
Отырамын шөмейiп
Бауырдағы тасым да
Бара жатыр көбейiп...
Тiлегiм тек – бiлiңiз! –
Елдi қорлап сөкпейiк,
Бiрiмiзге бiрiмiз
Тасбауыр боп кетпейiк!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауру дүние

  • 0
  • 0

Ауру қазiр,
ауру қазiр бәрi де,
айналды бұл менiң қайғы, шерiме.
Бәрi де ауру –

Толық

Опасызға

  • 0
  • 0

Тiлiмдi қырқып,
Дiнiмдi құртып
Жоқ еткiң келедi.
Өзiңдi

Толық

Гүлдер

  • 0
  • 0

Гүлдер!
Гүлдер!
аялап дала күткен.
Үзбе оларды!

Толық

Қарап көріңіз