Құдай-ай, не iстейiн? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Құдай-ай, не iстейiн?» атты Темірхан Медетбек жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 830
Мынау дүние
Шоу жасап
Неменеге қуанып тұр?!
Дiнiм суалып тұр,
Тiлiм қуарып тұр.
Мына дүние
Шоу жасап
Неменеге куанып түр?!
Мынау заман
Ерең-серең,
Қалбаң-құлбаң
Көлеңкелер мен
Елестердiң заманы ма?!
Мынау алаң
Ерең-серең,
Қалбаң-құлбаң
Көлеңке мен
Елестердiң алаңы ма?
Бататын күн сияқты
Түңiлiп барам;
Құйылған құм сияқты
Үгiлiп барам.
Азуы алмас,
Аяғы орақ, —
Әлдебiр пәлелер
Шегiрткедей қаптап
Жасылымды орып барады...
Елiмнiң iшi
Ерең-серең,
Қалбаң-құлбаң
Көленкелер мен
Елестерге
Толып барады.
Құдай-ай, не iстеймiн?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері