Қуат жыры

Бұл бетте «Қуат жыры» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1326
Еңкiп-еңкiп соққанда
Таудың денесiнен
Тастар бұршақ боп құйылды.
Серпiп-серпiп соққанда
Үзiп жiбердiм
Шынжыр боп шырмалған
Бұғау боп күрмелген түйiндi.
Күрсiнгенiмде –
Күн күркiредi.
Сiлкiнгенiмде –
Жер тiтiрендi.
Хахахулап
Жар салғанымда
Аспандағы бұлттар
Жерге қонды.
Ахахулап
Ән салғанымда
Аспандағы құс бiткен
Көлге қонды.
Еңкейгенге еңкейдiм
Шалқайғанға шалқайдым.
Асқанның орманын
Отындай өртедiм.
Тасқанның көлдерiн
Астаудай төңкердiм.
Қысқанда
Қу ағаштан бу шығардым.
Сыққанда
қара тастан су шығардым.
Атанды асықтай аттым.
Қарсы келгендi
Қазықтай қақтым
Алшайып жүрдiм.
Талтайып тұрдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуат жыры өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қуат жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуат жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуат жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері