Экологиялық өлең

Бұл бетте «Экологиялық өлең» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1715
Майлы тоқ iшектей
Толып ағатын өзендерiм
Арық қойдың
Аш iшегiндей шұбатылып
Тартылып қалды.
Күмiс құйғандай
Жарқырап жататын көлдерiм
Қайнап-қайнап
Суалған қазандай
Сарқылып қалды.
Кiлем жабылған керуендей
Созылып жататын жоталарым –
Үйелеп қалған түйелердей –
Жұлым-жұлым болды.
Кеуiп қалған
Өзек пен сайларым
Тiлiнген шүберектей
Жырым-жырым болды.
Далам қурап жатыр!
Орманымды
Ара мен балталар
жiлiктей сындырып,
Шұжықтай
Турап жатыр.
Кешегi
Егiстiк алқабым
Малайдың ерiнiндей,
Құлдың табанындай
Тiлiнген.
Кешегi жайлауым
Iбiлiс аунағандай
Бүлiнген.
Құлпырып жататын
Шалғын-сырмақтарым
Лас аяққа
Басылып қалғандай.
Даламның
Алтын алқасы үзiлiп,
Маржан моншақтары
Шашылып қалғандай.
Иесiз қалған ауылдар
Аралдың
Жағаға шығып қалған
Кемесiндей.
Сор басқан жерлерiм
Алапес адамның
Денесiндей.
Елiмнiң iргесiн
Өрiп кеткен бәлелер
Талап тұр...
Аждаhаның демiндей
Оттай жел шығып
Жерiмдi жалап тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Экологиялық өлең өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Экологиялық өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Экологиялық өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Экологиялық өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері