Өлең, жыр, ақындар

Жаңбыр құдіреті

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 920
Дүние
қап-қара боп түнердi.
Дүлейлi құйын соқты.
Әлдене сұранды...
Әлдене тiлендi...
Айнала түгел
Алау-далау,
Әлем-жәлем,
Ерең-серең болды.
Аласаң биiк,
Биiгiң төмен болды.
Тiршiлiк
Тұншығып құрысты.
Қара нарлардай
Ап-ауыр қара бұлттар
Төмендеп кеп
Теңiзден су iштi.
Көп iштi
Ырғалып...
Қарындары қампиып
Көкке көтерiлдi
Ыңыранып.
Жасындар жалтылдап ойнады.
Қара жаңбырдан
Көлдердiң бетi
Қара қазандай
Сақылдап қайнады.
Тамшыларымен
Тепкiлеп тоқтатты
Есiрген құйынды.
Аспаннан
Әуен,
саз,
өлеңдер құйылды.
Найзағайлар шатырлап
Қайта-қайта жанды –
Қара бұлттардың
Қампайған қарынын
Қайта-қайта жарды.
Құтқа толтырды
Сусырап жатқан жерiмдi.
Бұтқа толтырды –
Құрғақшылықтан! –
Қансырап жатқан елiмдi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайырымдылық

  • 0
  • 0

Ол келсе егер –
түн iшiнде таң атар,
таң атқызып жарығын ол таратар.
Сонда, сонда ең бiр асыл ақ жүрек,

Толық

Түрме

  • 0
  • 0

Елiмнiң үстiне
Елдердi көшiрiп төктi.
Ерегесiп ем
Өшiгiп кеттi.

Толық

Іштен тыну

  • 0
  • 0

Дәл қазiр
Көп-көп адам,
Көп адам
Iштен тынып жүр.

Толық