Өлең, жыр, ақындар

Шерхан Мұртаза

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 8192
Қабағы
Жауар бұлттай түйiлiп,
Қастары
Адырнадай иiлiп
Әр сөзiн
Жебедей қадап сөйлесе
Мүлгiген жұртты
Дауылдай сiлкiлеп кеткен.
Әр сөзiн
Еменнiң шор көзiне
Шегедей қадап сөйлесе
Естiген жұрт
Күндей күркiреп кеткен.
Шерхан Мұртаза!
Сен
Жел құсап
Есiп сөйлемейсiң.
Сен
Қылыш құсап
Кесiп сөйлейсiң.
Сен
Көктегi бұлттардай
Көшiп сөйлемейсiң.
Сен
Сеңдер соқтығысып жатқан
Асау ағысқа
Омыраулап кiрiп
Кешiп сөйлейсiң.
Сен кейде
Жауға соғыласың.
Жау да теңселедi.
Сен де теңселесiң.
Сен кейде
Тауға соғыласың
Тау да теңселедi,
Сен де теңселесiң.
Опасызды көрiп
Күйiнiп тұрасың.
Сондай кездерде
Жұдырықтай түйiлiп,
Қаршығадай
Шүйiлiп тұрасың.
Ессiздi көргенде
Ашудан
Қабынып кетесiң.
Толқын ұрған жартастай
Тас-талқан боп
Жарылып кетесiң.
Халқың сенi
Арда туған
Арысым дейдi.
Жонына қол тигiзбейтiн
Барысым дейдi.
Шерхан Мұртаза!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Наурыз келдi

  • 0
  • 0

Наурыз келдi!
Қара жер семiрiп
Бөгiп жатыр.
Төрт түлiк малым

Толық

Дән

  • 0
  • 0

Жатыр бiр дән құнарлы алқап жерiмде,
сiмiрiп ап күннiң нұрын төгiлген.
Топ-толық дән, топ-толық дән, сол бiр дән
ғашық дер ем тiршiлiк пен өмiрге.

Толық

Адам өлтiрген адамды іздеу

  • 0
  • 0

Адам өлтiрген адам
Табылмады.
Iздеушiлер де,
Iз кесушiер де

Толық