Түрме

Бұл бетте «Түрме» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 660
Елiмнiң үстiне
Елдердi көшiрiп төктi.
Ерегесiп ем
Өшiгiп кеттi.
Қолымдағыны
Тартып алып iштi.
Аузымдағыны
Қарпып алып асады.
Ұлт пен ұлтты
Араластырып бұлғап,
Даламды алып астау қып
Қойыртпақ жасады.
Тiлiмдi бұзды.
Дiнiмдi үздi.
Өлiп жаттық тiл қатпай.
Өлiгiмiздi
Сүйреп тастады
Ит тартқан тулақтай.
Өз елiм өзiне
Кiрме болды.
Түрмелердiң
Арғы жағы да түрме,
Бергi жағы да түрме болды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түрме өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Түрме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түрме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түрме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері