Бұл бетте «Жер шары» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сенi бiз
Анамыз деймiз.
Сен үшiн
Күйемiз, жанамыз деймiз.
Сөйте тұра
Жаншып, таптаймыз.
Отқа қақтаймыз.
Адамдар сенi
Ендiк пен бойлықтың
Жiптерiмен
Байлап тастаған:
Торға түскендейсiң!
Маңдайың ашылмайтын
Сорға түскендейсiң.
Неткен
Тентек, тасырмыз:
Бiр бүйiрiңдi тесiп,
Бiр бүйiрiңдi
Кесiп жатырмыз.
Сенi қайғы-қасiрет
Шырмауға айналды.
Барқыттай
Жасыл көйлегiң
Шұлғауға айналды.
Жалмаңдаған
Болат темiрлер
Сенi қаршылдатып шайнап
Кемiрiп жатыр.
Содан бiреулер
Борсықтай болып
Семiрiп жатыр.
Кеңiстiгiңнiң
Бетi тiлiнiп
Кесiк-кесiк болды.
Орман-өкпелерiң
Құрт түскендей
Тесiк-тесiк болды.
Сор басқан жерлерiң
Төгiлген жының сияқты.
У құйылған өзендерiң
Жарадан аққан
Iрiң сияқты.
Пана iздегендей
Кеңiстiктiң iшiн
Аралап барасың.
Тебiлген доптай боп
Домалап барасың!
Жер шарым-ау!
Шаршадың-ау!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі