Қобыландым қолбала болды – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қобыландым қолбала болды» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 659
Сойым мен кескегiм
Жыртылған қайыққа
Ескек болды.
Қобыландым қолбала,
Құртқам күң,
Тайбурыл мәстек болды.
Қасиеттi жерiм –
Аяғын сүртпестен! –
Әркiм кеп отыратын
Бөстек болды.
Отын жақтырды.
Доңызын бақтырды.
Қорасын қалатқызды.
Табанымды жалағандар
Табанын жалатқызды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері