Өлең, жыр, ақындар

Тілек

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1036
Аллатағала!
Мен қазiр
Жалғыз қалғандаймын!
Тiлейтiнiм:
Дауыл соғып аударылсам –
Өзiмнiң жел қайығымда –
Аударылайын.
Суға кетсем –
Өзiмнiң Жайығымда,
Өзiмнiң Ертiс пен Iлемде
Суға кетейiн.
Жауларым қуансын.
Мүрдем кетейiн!
Егер құздан құласам,
Өзiмнiң құзымнан
Құлайын.
Егiлiп, еңреп жыласам –
Өзгенiң емес! –
Өзiмнiң үйiмде
Жылайын.
Осы тiлегiмдi
Бере гөр, құдайым!
Менi аралап кессе –
Өзгенiң емес! –
Өзiмнiң арам кессiн.
Мен де бiр түйiнмiн! –
Менi шешсе –
Өзгенiң емес! –
Өзiмнiң балам шешсiн.
Күлге айналып сөнсем –
Оттай намысымды
Жаудың алдында
Асырып сөнейiн.
Егер мен асылып өлсем –
Өзгенiң арқанына емес –
Өзiмнiң арқаныма
Асылып өлейiн.
Тiлейтiнiм:
Жала жапса да
Жала iздемейiн.
Дүние
Астаң-кестең болса да –
Басқа елден! –
Пана iздемейiн!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ынжық

  • 0
  • 0

Кетiп тiрлiк кетеуi
Мың құлатып, мың жықты...
Жыным қозып кетедi
көрсем осы ынжықты.

Толық

Кейде жылап жала, мұңға батам мен

  • 0
  • 0

Кейде жылап жала, мұңға батам мен.
Ондай кезде сырласам деп жапанмен
бүкiл болмыс бiтiмiммен осынау
табиғатқа сiңiп бара жатам мен.

Толық

Бүгінгі хал

  • 0
  • 0

Қатал қыстағы
Алатаудың шыңдарын
Қатпар-қатпар
Мұз басқандай,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар