Балуандар күресі

Бұл бетте «Балуандар күресі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 763
Белдерiне
Алты құлаш арқан ораған
Демдерiнен бұрқырап
Дауыл бораған.
Денелерiн матаған шынжырды
Он жiгiт шiреп тартқан.
Табандарын тасқа қойып
Тiреп тартқан,
Жын ұрғандай аласұрған
Екi балуан ортаға шықты.
Бiрiн бiрi көргенде
Көздерi қанталап
Жалба-жұлба түктерi
Тiкендердей тiкiрейiп кеттi;
Атылатын аңдардай
Жауырындары бүгiлiп
Бүкiрейiп кеттi.
Бiреуi
Бұқадай басын шайқап
Айқай салды.
Бiреуi
Құтырған бурадай
Жер тарпып
Сойқан салды.
Жұрт азан да қазан боп
Шулап жатты.
Қос балуанның
Бұлшық еттерi
Толқындардай бүктетiлiп
Тулап жатты...
Бiрiне бiрi тап бердi.
Екi жартас
Соғысқандай болды.
Екi бұлт
Қағысқандай болды.
Дөң жер ойпаңға,
Ойпаң жер
Дөңге айналды.
Алқынған демдерi
Жалын болды.
Құйылған терлерi
Жауын болды.
Бiреуi булықты,
Бiреуi тұншықты...
Ошақтан шыққан түтiндей
Денелерiнен
Будақ-будақ бу шықты.
«Әуп» деп көтергенде
Бiр жартасты бiр жартас
Алып бара жатты.
(Дүние төңкерiлiп
Ауып бара жатты).
Бiр бұлтты бiр бұлт
Сүйрегендей болды.
Қабырғалар күтiрлеп
Күйрегендей болды...
Екi балуан күресiп жатты.
Тiршiлiк
Дәл солардай
Бiрiн бiрi ала алмай
Тiресiп жатты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балуандар күресі өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Балуандар күресі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балуандар күресі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балуандар күресі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері