Өлең, жыр, ақындар

Кеше мен бүгін

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 919
Менiң кеше –
Аяғыма! –
Қара тас байлап қойды.
Алшаңдап
Жүре алмадым.
Төбеге шығып
Туымды тiге алмадым.
Менiң кеше –
Аузымды! –
Буып қойды.
Айтарымды айтқызбай
Таспамен тiгiп қойды.
Менiң кеше –
Көзiмдi таңып қойды.
Көрсең –
Көзiңдi жоямын деп
Қасыма табыт қойды.
Менiң кеше –
Қолдарым бұғаулы болды.
Бұлқынсам –
Сұраулы болды.
Соның бәрiн көрдiм.
Соның бәрiне көндiм.
Бүгiн –
Тас алынды.
Бұғау шабылды.
Таспа кесiлдi.
Ауыз шешiлдi.
Бiрақ
Аяғымыз
Бағымызға қарай емес,
Сорымызға қарай
Бастайтыны несi?
Аузымыз
Жақсылықты айтпай
Бәле-жаланы айтып
Қақсайтыны несi?
Көзiмiз –
Өзгенi емес! –
Өзiмiздi аңдып,
Бағып тұрғаны қалай?
Қолымыз
Құшақтаудың орнына
Өзiмiздi жағадан
Алып тұрғаны қалай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сансырау

  • 0
  • 0

Бір күні мен
Өмірден безініп
Өзімді өзім
Жерледім.

Толық

Нармахан Бегалы

  • 0
  • 0

Қара күштiң иесi
Қажымұқанның жерлесi,
Бегалыұлы Нармахан,
Саған тұғыр екен

Толық

Болатын оқиға

  • 0
  • 0

Осы бір зұлым
Жасарын жасады,
Асарын асады...
Ғұмырында

Толық

Қарап көріңіз