Өлең, жыр, ақындар

Жұт

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 954
Арттағысын көмген,
Алдағысын жапырған,
Алып даламды
Алып астаудай етiп
Астаң-кестең қып сапырған
Ақ түтек боран соқты.
Атан өте алмас,
Адам жүре алмас
Қасат қарлардан
Қамал соқты.
Көз көрiп,
Құлақ естiмеген
Бүлiк кiрдi.
Дүние iшiн тартып
Қасқырдай ұлып тұрды.
Боран долданып
Алып сыпырғыштай
Жолдағының бәрiн
Сыпырып жатты.
Кең далам
Безгек тигендей қалшылдап
Құтырып жатты.
Тебiнсiз қалған жылқылар
Бiрiнiң қылын бiрi қармады.
Қорадағы қойларым
Бiрiнiң жүнiн бiрi жалмады.
Дүние азынап
Сарнап жатты.
Ыққан малдарды
Жапырақ құрлы көрместен
Жалмап жатты.
Ақ кебiндi құйындар
Ажалдай ысқырып
Ауыл-ауылды орап алды.
Сықырлатып күйретiп
Сумаңдаған
Суық қолдарымен
Iшiн тонап алды.
Айнала күңiренiп
Аңырап тұрды.
Үйлер үңiрейiп
Қаңырап тұрды.
Дүние
Кепкен тулақтай болды.
Адамдар әруақтай болды.
Бәрiн жалмады.
Тiгерге тұяқ қалмады.
Жұрт итiн жедi.
Бөстегiн үйiтiп жедi.
Тiсi батпаса
Суға қайнатып
Жiбiтiп жедi...
Жан бiткен
Маңып кеттi.
Бетi ауған жағына
Қаңғып кеттi...
Бiреуi
Қарға көмiлiп,
Бiреуi
Қардан ашылып жатты, –
Алып даламның үстiнде
Бауланған шөптердей боп
Шашылып жатты...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Молшылық жыры

  • 0
  • 0

Тоғайларым – аспаннан! –
Жерге қонған
Бұлт секiлдi.
Шалшығымның өзi

Толық

Бүгінгі экологиялық баллада

  • 0
  • 0

Қора менен сарайға
тыным бермей күн-түнi
өрiп кеттi тоғайда
шиебөрi бiр жылы.

Толық

Қамқорлық

  • 0
  • 0

Қарғын су ақты көшемде.
Қыс бойы тұрған жалаңаш
жуынып алып нөсерге,
киiнiп алды қара ағаш.

Толық

Қарап көріңіз