Шолпанға өтініш

Бұл бетте «Шолпанға өтініш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 846
Шолпан,
Бүкiл Қазақстанның
Арақ-шарабын
Жиып әкелшi.
Бүкiл Қазақстанның
Сырасын
Құйып әкелшi! –
Өлгенше iшейiн.
Ай аунап,
Күн түнге кiрiп
Сөнгенше iшейiн.
Iшейiн!
Бұзық дүниеге қарап
Күйiнiп iшейiн.
Қызық дүниеге қарап
Сүйiнiп iшейiн.
Мас болайын! –
Ат құйрығын кесiсейiн:
Дос пен дос,
Қас пен қас болайын.
Несiне қорқам! –
Шайқалсам! –
Сүйеп қалатын
Алатауым тұр ғой.
Одан қалса
Қаратауым тұр ғой.
Несiне қорқам! –
Шүкiр! –
Жапырағым бар ғой.
Құласам –
Шалқайып жататын
Сарыарқам,
Былғансам –
Жуындырып алатын
Атырауым бар ғой.
Шолпан, әкелшi!
Тояйын,
Сонан кейiн қояйын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шолпанға өтініш өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шолпанға өтініш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шолпанға өтініш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шолпанға өтініш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері