Астамға – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Астамға» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 569
Жұрт жемегендi жеп,
Жұрт iшпегендi iшкендей;
Аллатағаланың
Кiндiгiнен
Домалап түскендей
Неге астам сөйлейсiң?
Бұл байлық
Қай атаңнан қалып едi?
Қай атаң
Мұның бәрiн
Үрiм мен Қырымнан
Алып едi.
Басқаны көзiңе iлмей
Адыраң-адыраң қарап,
Одыраң-одыраң етесiң.
Бұтыңды бұт,
Қолыңды қол етiп, –
Қағаздай қиқалап
Жыртып тастаса
Не етесiң?
Құрып кетесiң!
Көзiңе қара!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері