Құлаған жартас

Бұл бетте «Құлаған жартас» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 625
Теңiз жағасында
Ғсырлар бойы тұрған
Жартас құлады.
Бұлттың астынан
Жел соқтырып,
Тереңнiң түбiнен
Шер соқтырып
Дүние жылады.
Қара жартас
Төзiмнiң табытындай
Судың астында
Шөгiп жатты.
Көк теңiз улап-шулап
Толқындарын –
Арқыратып-сарқыратып –
Көтерiп әкеп
Жартас-табытты
Көмiп жатты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлаған жартас өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Құлаған жартас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлаған жартас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлаған жартас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері