Қапалану – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қапалану» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 740
Арал теңiзiм –
Тұз сеуiп
Жиналмай қалған терiдей
Тырысып
Кеуiп барады.
Өлiп барады!
Өзендерiм
Өлетiн жанның тамырындай –
Мәшине жiптей боп! –
Семiп барады.
Атырауымның бекiре көздерi –
Майы таусылған шамдай боп! –
Сөнiп барады.
Сарыарқаның арқасы
Арса-арса боп –
Қабырғалары кеуiп
Қатып барады.
Омыртқалары шодырайып
Табаныма
Батып барады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері