Қайран тілім менің! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қайран тілім менің!» атты Темірхан Медетбек жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 944
Өзге жұрттардың
Кеткен еселерi
Өтелiп жатыр, –
Кешегi күнi
Қор болған тiлдерiн
Ту етiп көтерiп жатыр!
Менiң тiлiм
Ерiнi тiлiм-тiлiм боп
Шошалада қалды.
Ұйқылы түнге қуылып
Көзi жаутаңдап
Босағада қалды.
«Даусын
Найзадай көкке шаншылтып
Шамырқанып сөйлесе
Аспанның асты
Толып кететiн;
Таспен қалаған қамалыңды
Тоған құрлы көрмей
Орып кететiн»
Қайран тiлiмнiң
Көштен кейiн қап
Ыбылжып тұрғаны-ай;
Басына тазкепеш киiп,
Айтарын айта алмай
Күмiлжiп тұрғаны-ай!
Қайран тiлiм менiң!
Өз жер, өз елiнде
Қолын жайып тiленген
Қайыршыға айналды-ау;
Құйрығы бұлаңдап
Құбылған қу саясаттың
Ойыншығына айналды-ау!
Не iстесем екен?
Өртеген намысқа шыдамай
Оқылып бiткен кiтаптың
Соңғы парағындай боп
Жабылып кетсем бе екен?!
Қара бұлттардың iшiне кiрiп
Сiлкiнiп құтырып жатқан
Найзағайларға соғылып
Жарылып кетсем бе екен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайран тілім менің! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қайран тілім менің! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайран тілім менің! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қайран тілім менің! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері