Қалай байқамайсыңдар?! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қалай байқамайсыңдар?!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 519
Қалай байқамайсыңдар?! —
Мен кiлең
Бұлттың iшiнде жүрем ғой.
Жыласам,
Бұлттың iшiңде жылап,
Күлсем,
Бұлттың iшiнде күлем ғой...
Менi күн-түнi —
Жан-жағымнан жосылған! -
Қып-қызыл найзағайлар
Сабалайды да жатады;
Сол найзағайлар
Жан-жүрегiмдi
Қан жоса қып
Жаралайды да жатады.
Содан жырым-жырыммын,
Содан жұлым-жұлыммын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері