Өлең, жыр, ақындар

Ауру Қазақстан

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1336
(экологиялық жыр)

Сынап бағаналары
Шегiне жетiп
Дәл қазiр
Қазақстанның қызуы
Көтерiлiп тұр.
(Менiң сөздерiм де
Ып-ыстық боп
Өн бойына
От өрiлiп тұр).
Қазақстанның ауруы
Асқынып кеттi-ау.
(Мына қатыгез заман
Жiгерiн құм,
Жанын тас қылып кеттi-ау).
Орман-өкпелерiне
Құрт түсiптi.
Жетi жұрт келiп,
Жетi жұрт көшкен
Маңғыстау мен Атырауға
Бiзге жат –
Сегiзiншi! –
Жұрт келiп түсiптi.
Демiккен Қазақстанның –
Көзiне! –
Мөлтеңдеп жас толып кеткен.
Арал мен Балқаштай
Екi бүйрегiне
Тұз бенен тас толып кеткен.
Тұла бойы күйiп барады.
Аяқ-қолы
Ұйып барады.
Құтқаратын кiм бар?
Айнала
Дауыл күткендей
Абыр-сабыр.
Пiскен нандай боп
Сап-сары боп жататын
Алып Сарыарқа
Сауысқан шоқып тастаған
Көтерем сиырдың арқасындай
Жауыр-жауыр.
Дәл қазiр Ол
Жоқты – жоқтап,
Барды – даттап жатыр.
... Ауру Қазақстан
Анда-санда
Қазақша бiрдеңе деп
Орысша
Сандырақтап жатыр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сақта өзiңдi, сақта сен!

  • 0
  • 0

Сақта өзiңдi, сақта сен!
Жасыңды төгер жер iздеп,
берiлме мұңға, берiлме.
Тұратын күтiп сенi iздеп

Толық

Ақындардың жарлары

  • 0
  • 0

Түспестен биiк өреден
аппақ боп тұрар арманы,
төзiмдiсiңдер не деген
ақындардың жарлары.

Толық

Көктайғақ

  • 0
  • 0

Жердің үсті
Шыны қаптағандай
Көкпеңбек.
Аяз қысып тұрса да —

Толық

Қарап көріңіз