Алла тағала құдіреті – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Алла тағала құдіреті» атты Темірхан Медетбек жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1156
Алла тағала
Көзге түртсе көргiсiз
Түттей қараңғы түндерде
Жасалынып жатқан бәлелердi
Шырпы жақпай-ақ көредi.
Есiк-терезелерi тас бекiтулi
Тас қамал мен тас үйлердегi,
Ақ қорған мен ақ үйлердегi
Жасалынып жатқан сұмдықтарды
Құлпын ашпай-ақ көредi.
Қажет болса,
Алла тағала
Күнәға батқан
Кiм-кiмдi де
Өмiрден бездiрiп,
Жанынан түңiлтiп қояды;
Бiрiнiң артына бiрiн
Үңiлтiп қояды;
Шалқақтап кеткендердi
Қайыршыдан бетер
Бүгiлтiп қояды;
Алтын астаулардан
Ас iшкендердi
Қолдарына итаяқ ұстатып
Жүгiртiп қояды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері