Шырақ – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Шырақ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1381
Осы бір құбылысқа
Ежелден қанықпын:
Жанымның
Алыс бір түкпірінде —
Қалтылдаған ! —
Бір шырақ жанып тұр.
Сол шырақ
Аман тұрғанда
Мен әлі талай-талай
Жүректе жанамын.
Егер ол шырақ
Сөнер болса,
Мен онда мәңгілік
Түнекте қаламын.
Сол шырақ
Аман тұрғанда
Елім мен жеріме
Тер төгіп өтемін.
Сол шырақты,
Көңліме бұзықтық кіріп,
Отқа айналдырсам,
Онда мен —
Күлім де қалмай ! —
Өртеніп кетемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері