Әрі түсінікті, әрі түсініксіз көрініс

Бұл бетте «Әрі түсінікті, әрі түсініксіз көрініс» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 640
Әне бір жан
Қапаға батып,
Биік құздың
Басына шығып
Ұзақ отырды.
Бірде күйінді,
Бірде опынды.
Ұзақ отырды.
Қалың бір ойлар
Бойын жүдетіп,
Жанын жұтатты...
... Қараңғы көктен
Қып-қызыл шоқтай
Ағып түскен жұлдызды
Қағып ап
Шылымын тұтатты...
Көңілі қабаржып
Шылымын
Құныға сорады...
Ұзақ сонар
Мына тірліктің
Көрінбей сорабы
Жанары
Жасқа толады...
Бір кезде көзі
Өзі отырған
Құз шетіндегі
Үрейлі құрдым
Тереңге түсті...
Сонан соң асығыс
Шылымның тұқылын —
Деді ме
Күлсалғыш?! __
Айдың бетіне
Баса салды да,
Төменге түсті...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әрі түсінікті, әрі түсініксіз көрініс өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Әрі түсінікті, әрі түсініксіз көрініс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әрі түсінікті, әрі түсініксіз көрініс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әрі түсінікті, әрі түсініксіз көрініс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері