Әй, опасыз уақыт-ай! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Әй, опасыз уақыт-ай!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 647
Күні кеше ғана —
Басына таңертең
Өрмелеп кеткен адам
Кешке бір-ақ түсетін —
Сөйтіп —сусынын! —
Қаталап ішетін, –
Алып бәйтеректің
Ұшар басына салған
Ұядағы
Отаудай-отаудай
Самұрықтың балапандарын
Жұтамын деген,
Мүлде құртамын деген,–
Жуандығы атан түйедей,
Ұзындығы —
Екі арқан бойы —
Айдаһарды,–оғының басы
Бір пұт келетін
Садақпен атып құлататын
Ақыры елін де, жерін де жұбататын
Батырлар туралы
Ертегілерді оқып
Өсіп едім,
Соларға еліктеп
Не бір қиял-ғажайыптарды
Басымнан кешіп едім...
Содан ба,
Мына бір
Күйкі тірлікті
Көре алар емеспін.
Мына бір
Күйкі тірлікке
Көне алар емеспін!
Әй, опасыз уақыт-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері