Тек таңғала қарайды – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Тек таңғала қарайды» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 619
Жапырақ жұлып жаутаңдап,
Тәкаппарсып түйелер,
Жүр жатуға жай таңдап,
Емес құмға үйелер.
Толған сұлу нар қандай
Маңғаз басып ерінген,
Созған қара гармоньдай
Ырғай мойны иірілген.
Мойны босап ақырда
Көрген түйе талайды,
Тек экскаваторға
Ол таңғала қарайды...
Қомын шомдап енді алыс
Жол шегетін түрі жоқ.
Машинаға ол алғыс
Айтар еді, тілі жоқ.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері