Құмдағы лашық

Бұл бетте «Құмдағы лашық» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1025
Құмдағы атамзаманғы
Саздан соққан бір лашық
Тозған, іші қараңғы,
Қабырғасын құм басып.
Едені тас, төбесі
Талдан өріп жабылған.
Шағын екі бөлмесі
Көзге күңгірт шалынған.
Мұржасы да мұжылған,
Дауыл, жауын-шашыннан.
Оған жалғас созылған
Үй көрмейсің қасынан.
Жоқ көшесі тағы үйдің,
Жоқ бұл үйдің номері,
Сонда да оны танимын,
Мәлім маған өмірі...
Жаман деп бұл үй неге?
Менсін, мейлің менсінбе!
Келген кезде дүниеге
Туғам өзім осы үйде.
Осы бір үйдің әр тасы,
Жылы ұшырап өзіме,
Мұжылса да мұржасы,
Көрінді ыстық көзіме...
Міне, бөлмем — әлдилеп
Мені анам тербеткен,
Тұла бойды ән билеп,
Тал бесікте ер жеткем.
Әне төбе, аптығып
Жасымда асық ойнаған,
Тал шыбықты ат қылып,
Жүгендеп жіп байлаған.
Сол бала кез айналып,
Көз алдыма оралып
Келгендей-ақ таң қалып,
Қалдым біраз ойланып...
Көргенде ескі үйімді,—
Бала кез кеп ойыма,
Шешіп-ақ киімді
Келді ойнағым құмына.
Бүгін жақсы тұрмасам,
Осы үй жақсы дер едім,
Осы үйде туған, тыңдасаң,
Менің тұңғыш өлеңім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құмдағы лашық өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Құмдағы лашық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құмдағы лашық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құмдағы лашық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері