Өлең, жыр, ақындар

Индия жыры

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 563
(Индия ақыны Баллатколдан аударылды)
(Үзінді)

I
Біз мақтана аламыз,
Хақымыз бар мақтанар,
өйткені, біз емеспіз
Сотқарлардай сұқтанар.
Олар — жеңіл даңққа
жету үшін,—
халыққа
Соғыс ашып,
от жағар.
Зеңбірек атып
Қара сұм,
Майдан ашып,
Даласын
Қан-жоса қып
көрші елдің
Қырып бала-шағасын
Құтырына аттанар,
Көл қылып ел көз жасын
Қырса сәби баласын,
даңқ деп соны шаттанар!
Ондай данққа
Құлқынын ашып,
Қанды жұтудың,
Құны бізге
Бір тиын!
Ел көзінің жасынан
Ел қанынын шашылған
Тамшысынан ұялмай,
Елді ойрандай,
Бұғаулай,—
Тапқан олар даңқының
Құны бізге
Бір тиын!
Майдан ашып,
Қан жұтқан
Ондай зымиян «даңқты»
Даңқ емес, масқара
Деп, әуелден әшкере
Айтқамыз, біз қаныққан.
Әуелден-ақ өздерін
Олар солай танытқан!
Қарашы, тау патшасын
Ортасында таулардың,
Таң ата нұрға батса шың
Арайға бөлеп аумағын,
Өзі зәулім болған соң
Таулардың жаншып, қалғанын
Көркейді деуге бола ма,
Басқаға салып салмағын?..
Жоқ!!!
көрікті реңі,
Қасиетті Патша-Тау,
Мархабатты жүрегі
Тілегі ізгі
жақсы тау!
Анасындай сүйеді
Биіктей берсе
Басқа тау.
Оларды жақсы көреді
Басы қар күміс ақша тау.
Сондықтан да, —
Ол тауды
Бойында талай жылдардың
Менің бүкіл Индиям
Патшасы дейді
шыңдардың!

ІІ
Май айы мейлі даланы
Бөлесін күллі гүліне,
Гүлге жердің алабы
бөлене берсін, бөлене!
Аймағымның
Сол гүлдер
Сусын болып шөліне,
Шықпаса да қызыл гүл
Жалаңаш далам дөңіне,
Жұмысшы адам үшін ол
Шықпаса да егіле,—
Шешек атып қызыл гүл
Төгіле берсін,
Төгіле!
Күллі кедей дегенге
Мен туыспын, құдамын.—
Оларға әзір
Үйім де,
Соларға
Мойын бұрамын.
Сыйласуға әрдайым
Қорықпаймын
Мен дайын,
Құдайға да елге аян.
Бірақ, олай дегенмен
Мен ешқашан бас имен
Алдыңа, сенің,—
Қан майдан!
Тіленіп өзім
Еркіммен
Соқа айдауға
Шығамын,
Бұлыңғыр күнде-ақ іркілмей
Тоғайдан шөп те
Шабамын.
Жүрек жырын жасырмай,
Тасты аудара, аршындай
Қала салар
Бар күшім,
Бірақ,
Мен қан төгумен
Босқа жұртты жоюмен
Өңмеңдемен ешқашан
Өз басымның қамы үшін!
Тынық түнде ауылға
Ай сәулесі іңірде
Тұрса жайнап төгіле,
Бала күннен біздердің
Шағын лашық үйлерде,
Естілетін ызыңы
Ұршықтардың иіріле.
Ұршықтың
Жырдай — ызыңы
Ұқсамайды түздегі
Алай-түлей бұрқанған
Сенің Соғыс,—
Үніңе!..
Сол бір бала кездегі
Ұршықтардың ызыңы
Мың толқытып ойымды,
Елжіретіп бойымды,
Балқытады мені де!
Не десеңіз, о деңіз,
Зеңбіректің зіркілін,—
Қан майданның күркілін
Ұнатады кім сірә,
Көз жасынан төгілген
Шапаныңыз тігілген
Ұнамайды жыршыға!
Жұлдызы көкте жайнаған,
Еңбегі жерде қайнаған
Жайбарақат дүниені
Мен сүйемін қарсы ала,
Бейбіт күнде келелі
Өмір сүргім келеді
тыныштықта құлшына!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңа әріп

  • 0
  • 0

Жаңа әріп,
Жаңаланып,
Шықты жаңа өмірде
Түр бергендей,

Толық

Алтын аймақ

  • 0
  • 0

Гүрілдеп құздан құлап тау бұлағы,
Шола алмай бұлттан шығып ай қияны,
Шаңқылдап атар таңның жаршысындай,
Шағы еді қанат қаққан тау қыраны.

Толық

Құсырып жауды жеңген күн

  • 0
  • 0

Қақаған қарлы боранда
Қарулы ерлер тонар ма,
Қазіргі қанды майданда
Жауынгер біздің ұлдарға

Толық

Қарап көріңіз