Қусақ өзенінде – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қусақ өзенінде» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 909
Қусақтың өзені ел өрісіндей,—
Далаға шашқан таудың күмісіндей,
Тентегі Текелінің тасығанда
Құлынның үзіліпті желісіндей...
Қалыпты тау арқасы арса-арса боп
Түлкінің сойған іреп терісіндей.
Сол қусақ жатыр міне күліп ағып
Ақжарқын ауылға ақын келісіндей!
Келдік біз елдің осы көркін жырлай,
Алыстан жеткен ұшып көгершіндей.
Анадай ақ жаулықты қарсы алды ауыл,
Кең жайып дала төсін бүлісіндей.
Ақша қар жамылған шың-құздарыңыз
Жеңгенің ақ кимешек киісіндей.
Қусақтың суы сылдыр қағып ақты,
Іленің шолпы таққан сіңлісіндей.
Қой қаптап көк жайлаудың қойнауында
Шопандар шат көңілді жүр ішінде,
Қаламын қолына алып ақын тұрды,—
Сақалды қарт малшының інісіндей.

1959


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері