Қос алмадай – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қос алмадай» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 777
Қырғызға

Ерке Алатау қасында
Сүйем егіз елді өскен,
Бір ағаштың басында
Қос алмадай тең өскен.
Тоқтағұлды толғана
Жамбыл талай жырлаған,
Домбырасын қолға ала
Қырғызға қол бұлғаған.
Сырлары аққан дария
Манасың жыр бұлағы,
Тыңдады оны жария
Қазақ, қырғыз құлағы.
Көріп өмір күндізін
Өстің гүлің үзілмей,
Тұлғаң биік қырғызым
Алатаудың өзіндей.
Қазақ, қырғыз елінің
Жайлағаны бір дала,
Екі Алатау биігін
Туғандай-ақ бір ана.

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері