Басым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1908
Басым –
Екі Иінде,
Жұмалағым –
Дорбада:
Басымдағы киімге
Қарап –
Нахақ қорлама?!
Айтшы,
Кімдер кимеген
Құндыз,
Сусар бөрікті:
Күйде –
Жерге тимеген –
Айырғанмен ерікті!
Қоғамнан құн сұранып,
Жетілердей жетесі:
Алтын-Басқа лайық –
Айна-Таздың кепеші.
Күн кешемін түртініп,
Әтектейін сылынған:
Жұрт сұрқымнан үркініп,
Шошынады жырымнан...
...Қормын талыс талайға,
Күйтіме –
Жан сүйінбес:
Ақын басы,
Алайда,
Кесілгенмен,
Иілмес!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Басым өлеңінің авторы кім?

Иран-Ғайып — осы өлеңнің авторы.

Басым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Басым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иран-Ғайып өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Басым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері