Бір шырқалық – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Бір шырқалық» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 660
Егіз елді шомылтып,
Егіле ағып Чу жатыр,
Төлді суға тоғытып, —
Шопанымыз шыңда тұр.
Бір жасасқан өз ұлы
Ақын Аалы қырғызбен,
Жырда биік өз үні
Бірге шырқап жүр бізбен.
— Жаз — деп, бізге өмір тұр,
Егіз өскен екі елміз,
Қуанышбек, Темірқұл,—
Шырқай түсші екеуіңіз!
Ақын — бұлбұл, өмір — гүл,
Аз жырлаған екенбіз,
Кел, қосылып Темірқұл
Бір шырқалық екеуміз!

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері