Көк терек – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Көк терек» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1262
(А. Прокофьевтен)

Қара қас, қара көзі жалт-жұлт еткен,
Осы бір көк теректі Галя еккен.
Еккенде бұл ағашты сүйді өзі де,
Өйткені екті жауын жоқ кезінде.
Еккен кезі ызғарлы қар жауған шақ,
Галя қыз жабырқады жаңбырды аңсап.
Кек теректі кенеттен боран ұрды,
Әр бұтағын көк дауыл орап ұрды.
Январьдің, іші еді.
Ертеңгілік,
Ақ қыраумен мұнартып тұрған мүлгіп.
Жерді от жағып жылытты мұз үйілген,
Жүректің де жата қап қызуымен.
Неге десең – аяды ағашты еккен,
– Шыда, терек! –
Деді қыз бар ниетпен.
Галя, Галка ол сынбас, шыдар ұдай,
Сен де асылысың даланың шынарындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері