Кіршігін жұмды да – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Кіршігін жұмды да» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 848
Көкпеңбек жиектен сығалап,
Қып-қызыл кірпігін жұмды да,
Күн жерден кешірім сұрап ап,
Жылжыды сәулесін жиды да.
Күн көзі қызарып талған соң,
Батты тез, тау асып ұйықтауға,
Қайтадан туатын болған соң,
Шарасы қайда оның батпауға?!
Күн шықты
Тынымсыз, дамылсыз түнімен
Кемпірдей иірген ұршықты,
Зыр қағып тұрған жер бүйірінен
Таңертең шоқ көзді күн шықты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері