Қанатты керуен – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қанатты керуен» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 698
Күз кейпін кергің бір келсе егер,
Қыраны шың сүйген қырға бар,
Тоғайы жел соқса теңселер,
Қиқулап қайтқан қаз,
тырналар...
Ұзамай үскіріп келетін
Қыстан да бергендей бір хабар,
Сұңқылдап көктен күй төгетін
Сусылдап ұшты қаз,
тырналар.
Қанаты керуен көшінен
Көз алмай көкке мен қадалдым,
Қанаттар суылы есілген
Күйіндей құйылды даламның.
Жолының желісін аспанға
Құс көші үшкілдей тартты да
Қаз-қатар тізіліп асты алға,
Шашылған жұлдыздай ақты да...
Қанатын қалам қып қиқулап,
Аспанның төсіне жыр жазып,
Жанды ылғи нүктедей бұлтылдап,
Көкте ұшты бауырын бір жазып.
Шіркін-ай! – қанатты керуен
Легінде құс болып бірге ұшсам,
Аспанда жырмен сап серуен,
Аспанда атырсам тұңғыш тақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері