Тас талшығы

Бұл бетте «Тас талшығы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 918
Әрлеп өнер асқан сайын
Күн сайын мен күшке кірдім,
Үгіп алып тас талшығын,
Жібек тоқып үске кидім.
Түлетіп бір уақыт келді
Торқаға орап алқабымды,
Химия өзі тоқып берді
Менің лавсан қалпағымды.
Қиыршықты еріте білген
Химия орап қырқаны да,
Көк сағызбен көмкерілген
Туфлиім ұлтаны да.
Демен сенен үлесім кем,
Синтетика талшықтары,
Нейлон көйлек түймесімен
Сенен жөнім айшықтары.
Менің сия сауытым да
Асыл тастан жаратылған,
Қалам алсам шабытым да
Бір шаттық жыр ала туған.
Химиядан дала бүгін
Қуат құйды қиясына,
Автоматты қаламымның
Жыр жазатын сиясы да.
Түлетіп бір уақыт келді,
Торқаға орап алқабымды,
Химия өзі тоқып берді
Менің лавсан қалпағымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тас талшығы өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Тас талшығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тас талшығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тас талшығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері