Ғаббасқа – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Ғаббасқа» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 896
Ұялшақтың белгісі
Ақылды боп өскені,
О да халық үлгісі
Халық нені кешпеді
Еркелесе бір жігіт
Оны кім ерке деспеді,
Ылайықсыз шіркіннің
Қонған жұрттан кешкені!
Әйтсе де сол ер жігіт
Туғаннан-ақ есті еді,
Белгісіз неге кетті екен
Ұрықсат сұрап кетсе еді,
Қонақ қыздан болды ұят
Кеткені зытып кештегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері