Жалғыздық

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2861
Қайда, қайда сонау бір кезім менің;
жақсы көріп, дірілдеп көз ілгенім?
Селт етпеймін бұл күнде ештеңеге –
отқа өртеніп кеткен бе сезімдерім?
Жүрем билік, таластан шеткеріде,
бас ұрмаймын әлі де бектеріңе.
Жүрек, талақ, бауырым химиялық
массаларға айналып кеткені ме?
Көшкеннен соң менен де, жұрттан мейірім,
жерден мекен таппаймын ықтар кей күн.
Іш жағымда тірліктің нышаны жоқ –
жан дүнием өртеніп бітті-ау демін.
Жалт бұрылды жылғаға құрдас – үміт,
мейірімім де таусылды құмға сіңіп.
Сенім-сері мерт болды аттан құлап,
досым да жоқ қол бұлғар қырға шығып.
Құлағыма жетсе де күрсінген үн,
жан дүнием мұз жапқан тылсым менің.
Сезімдерім тозақта кеткен жанып,
сандалып жүр жерде тек құр сүлдерім.
1995


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыздық өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жалғыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жалғыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері