Қуанта алмады-ау батса да кеш күлімдеп – Құралай Омар

Бұл бетте «Қуанта алмады-ау батса да кеш күлімдеп» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 944
Қуанта алмады-ау батса да кеш күлімдеп...
Өзіңе оралғым кеп, үніңді естігім кеп,
Көзімді жұмып алып, күрсінем үнсіз ғана,
“Бес күндік жалғанымның ең тәтті бес күні” деп.

Жұлдызға сыр ақтарып, айтумен айға да аңыз,
Бір күні екеуміз де өлеңге айналамыз.
Тәңірдің қолындағы тағдырға бағынышты
Дәрменсіз жандармыз ғой, қайтейік, жай ғана біз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері