Қалай ең, ұмыттың ба, таныс әуен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қалай ең, ұмыттың ба, таныс әуен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 907
Қалай ең, ұмыттың ба, таныс әуен,
Толқындай ырғағыңмен табысар ем.
Қалқысын көңіл әппақ шағаладай,
Ашылып қарсы алдымнан алыс әлем!..
Есіме салшы соны, тылсым уақыт,
Жанымды жай таптырып, сусындатып.
Кеудемнен кішігірім күн шығарып,
Көзімнен шуақ төгіп күлсін бақыт.
Тербетіп толқын сазбен жер кемесін,
Биігім, биіктердің көр төбесін.
Өмірге бір-ақ рет мен еркелеп,
Бір рет өмір маған еркелесін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері