Адасып, жалғызсырап келсең кейін – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Адасып, жалғызсырап келсең кейін» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 910
Адасып, жалғызсырап келсең кейін,
Бейкүнә жүрекке бір жол сермейін.
Еркіңде, кетсең-дағы екі бөліп,
Жалт еткен қынаптағы семсердейін.
Қоспасын екі айырсын тағдыр, мейлі,
Сағыныш сезім отын мәңгі үрлейді.
Тұрарсың арманның боп көкжиегі,
Арманға ешқашан да заң жүрмейді.
Сыңсытып сезімімнің бал құрағын,
Сен үшін күйіп, жанып қалтырадым.
Мен саған қайда жүрсең қарсы ұшып,
Үмітпен бала құстай талпынамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері