Заманымда – Иса Байзақов

Бұл бетте «Заманымда» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2666
(«Құрбым жай» әнімен)

Түрлентемін ән шырқап заманымда,
Минут сайын алға өрлеп тұрғанымда
Жаңа тұрмыс, жаңа өмір аясында
Өлеңдетіп шаттанбай қаламын ба.
Ән шырқасаң күй түсер жүрегіңе,
Сол минутта жеткендей тілегіңе,
Әсері бар сұлу үн жүз толқыса,
Айырбасқа миллион сом керегі не.

1929 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері