Көктем, көктем, көктем деумен тұр әлем – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Көктем, көктем, көктем деумен тұр әлем» атты Шәмшия Жұбатова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1185
Көктем, көктем, көктем деумен тұр әлем,
Жаздым мен де көктем жайлы бір өлең.
Сулар ақсын сыңғыр қағып жылғамен,
Қызғалдақтар қаулап өссін нұрамен.
Жолдар біткен бұраңдады қыр асқан,
Жүрек біткен лүпілдеді жыр ашқан.
Махаббаттың ақ кемесі жүзеді
Ғашықтықтың ғазал сырын құрасқан.
Көктем, көктем деуменен жер айналған,
Жасыл үміт жүрегінде жайланған.
Тыраулаған тырна қайтып келеді,
Туған жерге қанатынан байланған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері